"Екі түрлі шұлық": Димаштың бір видеосы үшін жұрт "шайқасып жатыр"

"Екі түрлі шұлық": Димаштың бір видеосы үшін жұрт "шайқасып жатыр"

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әлеуметтік желіде тараған ескі бір видеосын көрген жұрт болмашы нәрсе үшін өзара сөзбен "соғысып" жатыр деп жазады Democrat.kz.

Айтып өткеніміздей, видео бірнеше жыл бұрын жай ғана отбасылық естелік үшін түсірілгені байқалады. 

Видеода Димаш, Ұлықпан Жолдас және Димаштың әкесі үшеуінің "Ерке сылқым" күйін құйқылжыта, бірдей тартып отырғанын көруге болады. 

Әйтсе де, видеоны көрген кей кісілердің атақты тұлғалардың өнеріне немесе домбыраның әуеніне емес, көздері бірден Димаштың аяғындағы шұлыққа түскен екен. 

"Димаш неге екі түрлі нәски киіп алған?" Деген бір кісінің сұрағына елуге жуық кісі шап беріп, "не шаруаң бар", "нәски маңызды ма", "өз үйінде жүр ғой, қандай нәски кисе де", "сенің шаруаң қанша" дегенге саятын пікірлерді қарша боратып жазуда. 

Барлық жаңалықтар