Әлеуметтік желіде танымал емші, сынықшы Бағдагүлдің қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын. ТикТок әлеуметтік желісінде "емші Бағдагүл қайтыс болды" деген хабарлама тарап, осыған байланысты Бағдагүлдің өзі мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.
Бірнеше күн бұрын ТикТок әлеуметтік желісінде "емші Бағдагүл қайтыс болды" деген ақпарат тараған болатын.
Осыған байланысты емші Бағдагүл:" Мені өлді деп видео салып қойыпты. Өлген жоқпын, әлі тірімін. Әлгі ақпаратты таратқан адамды сотқа бердім. Айыппұл ретінде 800 мың теңге салады екен. Салсын, тірі адамды өлтіргені үшін", - деп мәлімдеді.