Еңбектің наны тәтті: Ғани Бейсембаев мұны жасаған бірінші министр

Еңбектің наны тәтті: Ғани Бейсембаев мұны жасаған бірінші министр

Мектептің тазалығын сақтап, балаларға жарық та жайлы орта сыйлап жүрген қызметкерлердің еңбегі алғаш рет министр деңгейінде бағаланды.

Сол құрметке ие болғандардың бірі – Ақтөбе қаласындағы мектептің еден жуушысы Гүлшат апай. Ол Астанаға арнайы шақырылып, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қолынан марапат алды.

Әдетте мұндай еңбектер көпшіліктің көзіне онша көрінбейді. Дегенмен, сыныпты жинап, еденін жуып, ас әзірлеп, ауласын реттеп, жарығын жағып жүрген әр қызметкердің маңдай тері – балалардың амандығы мен шат күлкісі үшін жасалып жатқан үлкен еңбек екені даусыз.

Бұл қадам – еліміздің түкпір-түкпірінде адал қызмет атқарып жүрген мыңдаған әріптестердің еңбегін мойындау. Осы уақытқа дейін ешбір министр қолға алмаған игілікті істі Ғани Бектайұлы алғаш рет жүзеге асырды. Өз саласының шын жанашыры ретінде ол әрбір қызметкердің еңбегін, жұмысының қиындығын жүрегімен сезіне білетінін көрсетті.

Тазалық – тәртіптің айнасы. Еңбек адамдарын ел алдында елеу – олардың мәртебесін көтеріп қана қоймай, қоғамға үлкен өнеге болары сөзсіз. 

Барлық жаңалықтар