"Енді LRT-мен жүремін" деген "тренд директор" апатқа қалай түскенін айтты

"Енді LRT-мен жүремін" деген "тренд директор" апатқа қалай түскенін айтты

Танымал мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза таяуда жол апатына түскен болатын. Оқыс оқиғаның қалай болғанын және қазіргі жағдайы туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында баяндады деп жазады Democrat.kz.

Ақмоншақ Нұртаза жол апаты болған күні рөлде өзі отырмағанын айтады. Сонымен қатар бұл апаттан кейін қатты қорқып қалғанын жасырмаған директор: "Қатты қорқып, шок алып қалдым. 

Қазір жағдайым жақсы. Жеңіл сынақ деп қабылдадым.Құран бағыштап, дем салдырып, жан садақасын беріп қайттық. Қорқынышым басылғанша LRT-мен жүремін" деп жазба жариялады. 

Барлық жаңалықтар