Енесінен кейін Абай Бегейдің қызы масқара болды

Енесінен кейін Абай Бегейдің қызы масқара болды

16 жасында күйеуге тиіп, 17 жасында сәбилі болған Абай Бегейдің қызы Сымбат"артық қылам деп, тыртық" қылғанын байқамай қалды деп жазады Democrat.kz.

Баласын туғанға дейін камераның алдында көлбеңдеген Сымбат Абайқызы, әрине сәбиін туған соң да әдеттегідей камераға байланған өмірін үзіліссіз жалғастыруға кірісті. 

"Ботақаннан сүт шықты" деп видео түсірген енесінен Сымбат та қалыспады. 

"Папам құран бағыштаған соң, балаға ат қойды. Балаға атты қайын атам қойды. Бұрыннан қалап жүрген аты екен. Біраздан соң мен де дайректте бөлісем"деп видео бөлісті Сымбат Абайқызы. 

Қазақтың төл сөздерінің қалай қолданылатынын енесі де, келіні де білмегені, өкінішті. 

Бірі "ботақаннан сүт шықты" деп масқара болса, бірі "балаға құран бағыштады" деп масқарасы шығуда. 

Ең өкініштісі, "масқара болдық" деп отырған ене мен келін жоқ. Тоқтар емес. Жырпылдап видео түсріуден жалығар емес. 

Сымбаттың әлгі "құран бағыштады" дейтін төмендегі видеосына жұрт сойқан пікір жазуда. Алайда оны ұғатын сана келін мен енеде болса қанекей?!

Барлық жаңалықтар