Танымал әнші Сәкен Майғазиев қоғамдық мәселені көтеріп, жастарға ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.
"Ана тілімізді бұзатын, ана тілімізде қате сөйлейтін кісілер көбеюде.
Баруым керекпін, айтуың керексің....осындай қааате сөйлем қолдану белең алуда.
"Брат, сестра" деп тілді шұбарлап сөйлейтіндер азаяр емес.
"Айналайын, алтыным, бауырым, қарындасым" десек болмай ма?
Сосын көше атауларын "Абая", "Сейфуллина", "Рыскулова" деп...
Еркекті әйел етіп, ұлы тұлғалардың атын қате айтып жүргенімізді ойлайықшы.
Тілімізді бұзбайық, тілімізді таза сақтайық" деді Сәкен Майғазиев.