"Еркекті жиіркендір": Психолог зорланғалы жатқан қыздарға кеңес берді

"Еркекті жиіркендір": Психолог зорланғалы жатқан қыздарға кеңес берді

Психолог қоғамда болып жатқан зорлық-зомбылыққа қатысты қыздарға өз тарапынан кеңес беріп, бірнеше жағдайды жасауды айтты деп жазады Democrat.kz.

Психолог Фариза Алик қыздарға егер әлдебір еркек зорламаққа ұмтылса не істеу керегін айтып: "Бірінші зәр шығару сияқты жиіркенішті нәрсе жаса, бұл оны безіндіреді.

Екінші, қандай да бір ауруым бар деп алда, мысалы ВИЧ сияқты жыныстық ауруларын айтқан жөн. Үшінші, көмекке шақырар кезде "Көмектесіңдер, мені зорлап жатыр" деп емес, "Пожар" деп айқайлау қажет.

Адамдар өрт болса тезірек реакция көрсетеді. Төртіншіден, қарсыласып күш жұмсаудың қажеті жоқ, сондықтан көнген кейіп танытып, күтпеген жерден соққы берген жөн.

Бұтының ортасына ұрып, көзін ойып алу сияқты әрекеттен соң қашып кетуге мүмкіндік туындайды"деді.

Барлық жаңалықтар