Еркеш Хасен: "Сахнаға оралыңдаршы!"

Еркеш Хасен: "Сахнаға оралыңдаршы!"

Еркеш Хасен кәсіби әншілерді сахнаға оралуға шақырды. Жас әнші желі арқылы өнерден арқасын алыс алған әріптестеріне үндеу жасады, деп жазады Democrat.kz.

«Карантин басталған кезде біздің мамандық сұраныстан кетті. Сол кезде біраз мен деген мықты әнші жігіттер амалдың жоқтығынан әншіліктен бас тартып, басқа мамандыққа кетті.

Сондықтан қазіргі орындалып жатқан әндердің көбісін әнші емес адамдар айтады. Әншілікті қойып кеткен жігіттер, сахнаға оралыңдаршы! Кәдімгі бәскеке қалыптастырайықта. Тыңдарманның талғамы бір-екі жылда быт-шыт болатын түрі бар. Халықтың ән талғау мәдениетіне үлкен қауіп төнетін сияқты», – деді. 

Еркештің бұл үндеуі тыңдарман көкейіндегі сұранысты дөп басса керек, оның сөзін қостай кеткендер көбейді. «Дарикорн, Сабиналарың ән айтып кеткеннен кейін болды ғой», «Жасанды зерде айтып жатыр әнді», «Шын ғой, жеңіл-желпі ырбыңдаған ән айтатындар көбейіп кетті», – деді желідегі жұрт.(Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

 

Барлық жаңалықтар