Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «Қасқа жол» арнасына берген сұхбатында Алматы қаласындағы білім беру саласындағы тілдік ахуалға тоқталды. Оның айтуынша, мегаполистегі 400 мектептің тек 20%-ы ғана таза қазақ тілінде білім береді. Бұл дерек мемлекеттік тілдің білім жүйесінде толыққанды орнығуы үшін әлі де жүйелі шаралар қажет екенін көрсетеді. Саясаткер ұлттық мүдде тұрғысынан қазақ мектептерінің санын арттырудың өзектілігін атап өтті.