Бұрынғы Елбасының бұрынғы кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев таяуда ғана Нұрсұлтан Назарбаевқа телефон соғып, ол туралы өзінің ойын ашық айтқанын мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.
Ермұхамет Ертісбаев кезекті бір сұхбатында: "6 шілде күні Нұрсұлтан Әбішұлына телефон соғып, "сіз мен үшін әлемдегі ең сұңғыла саясаткер, тарихи тұлға болып қаласыз. Сізге тең келетін саясаткер жоқ. Сізбен 1990-шы жылдары таныстырған тағдырыма разымын. Сізбен бірге өмірдің, саясаттың ең үлкен мектебінен өттім" деп, туған күнімен құттықтадым", - деді.
Сонымен қатар, Ермұхамет Ертісбаев "Назарбаевтың кезінде Қазақстанда жемқорлық жайлады" деген пікірлерге қатысты: "Жемқорлығы жоқ, қылмысы жоқ, бәрі адал, әділ ел бар ма? Бар болса, маған айтыңызшы! Жемқорлық, әділетсіздік барлық жерде бар. Сондықтан Назарбаевты бәріне кінәлі ету - ақылға сыймайды", - деп жауап берді.