Белгілі әнші Қайрат Нұртас астаналықтарды игі шараға шақырамын деп әлеуметтік желі қолданушылардың үлкен сынына қалды деп жазады Democrat.kz.
“26 маусым — халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні. Осыған орай ІІМ қолдауымен “Заң мен Тәртіп” концепциясы аясында елордада ауқымды шара өтеді. “Біз есірткіге жоқ” деп бірлікте әлемдік рекорд орнатамыз”, – деді ол.
Әнші осы игі істерді қолдау үшін арнайы баратынын мәлімдеді.
Әйтсе де, желіде тараған бұл ақпаратқа қатысты жұрт "есірткі туралы сен айтпашы", "ешкім шекпесін өзім шегем де", "мамаң біле ма бұны", "қасында Төреғали тұрмасын", "әуелі өзіңнен баста" дегенге саятын пікірлер жазып, сынап тастады.