"Ғалымжан Жақиянов өртеп жіберді"деген Ардақ Назаров "картопты жарып жатыр"

"Ғалымжан Жақиянов өртеп жіберді"деген Ардақ Назаров "картопты жарып жатыр"

Мәжіліс депутаты, спортшы Ардақ Назаров кезекті сұхбатында осыған дейін қоғамда қызу талқыға түскен өз сөздеріне қатысты жауап берді деп жазады 

Журналистің "жекпе жектеріңіздің видеолары өртеніп кеткеніне қатысты айтсаңыз" деген өтінішіне: "Негізгі нәрсе, сенің тектілігің, батырлығың барынша халыққа айтылмауы керек дейді. 

Олар Ардақ Назаровқа тиісіп отырған жоқ. Олар мендегі тарихты, мендегі қазақылықты, мендегі тіл мен дінді айтып тұр ғой. Шабуыл сол жақтан болып жатыр. 

Неғұрлым бұны өтірікші етіп көрсетеміз, суайт қыламыз деген шабуыл ғой. Видеоларым өртеніп кетті деген сөз шықты. 

2002 жылы бірталай жарысқа шыққанмын мен. Сол жарыстың видеоларын Павлодар қаласындағы орталық телевидение түсірген.

Ол телевидениенің басшысы Ғалымжан Жақиянов деген кісі болды. Жақиянов ол кезде оппозицияда жүрген. Сол телевидениенің архивін өртеген ғой. Сол архив өртенгенде, менің біраз видеоларым өртеніп кетті. 

2001-2005 жылдар арасында анау айтқандай, видео түсірілмеді. Қолымызда қой түсіретін камера болатын. Чемпион болсаң, былай көтеріп жібереді. Сондықтан менің көп видеоларым болмай қалды", дейді Ардақ Назаров. 

Барлық жаңалықтар