"Халыққа у шашып жібердім" деген Айбек Байназаров тағы ел алдына шығып ақталды

"Халыққа у шашып жібердім" деген Айбек Байназаров тағы ел алдына шығып ақталды

"Купеде жатқан қызды сүймек болдым" деп сұхбат беріп, жұрттың ашуын тудырған жайдарманшы Айбек Байназаров халықтан кешірім сұрады деп жазады Democrat.kz.

Таяуда ғана өз сұхбатында пойыздағы бейтаныс қызды түнде сүймек болғанын мақтанышпен айтамын деп сөз естіген Айбек Байназаров елден кешірім сұрап, видео жариялады. 

"Шай әңгіме подкастында болған әңгіме жұртты шулатып жіберген сияқты. Әрине, бұл енді балалық кезде істеген нәрсем. Ақымақтығым. 

Сол кезде ол қыздың да маған деген симпатиясы болған шығар деген менде де ой болды. Ол жерде айтқан нәрсе болмаған. Мен жай өзім ойдан құрап, асырып айтқанды жақсы көрем. Подкаст қызық болсын деп...байқаусызда халыққа у шашып жіберіппін. 

Сол үшін сіздерден кешірім сұраймын. Дұрысынан түсініңіздер. Мен де үш қыздың әкесімін. Мен қазір ақыл айтатын жасқа келдім. Күлдіретін нәрсе деп, сондай әңгіме айтқаныма кешірім сұраймын", деді жайдарманшы. 

Әйтсе де, жайдарманшының бұл видеосына қатысты "күлдірем деп бүлдірдім де", "өз қызыңның алдынан шыққанда, түсінесің", "бұларға рахат, айтып алып, артынан кешірім сұрай салады" дегенге саятын пікір жазушылар аз емес. 

Барлық жаңалықтар