«Яндекс Такси» Қазақстанда 2016 жылы іске қосылған сәттен бері сервисті пайдаланып келе жатқан жүргізушілерге арнайы шарттары бар промокодтар сыйлады. Осы промокодтар бойынша сервис әр сапардан небәрі 1 теңге ұстайды. Арнайы шарттар 2027 жылдың тамызына дейін қолданылады деп жазады Democrat.kz.
Мұндай сыйлық «Яндекс Такси» арқылы он жыл бойы тапсырыс орындап, жыл сайын кемінде 100 күн желіде жұмыс істеген жүргізушілерге берілді. Он жыл ішінде бұл жүргізушілер шамамен 2,7 миллион сапар орындап, жалпы есеппен желіде 1 миллион сағатқа жуық уақыт өткізген.
Сервистің туған күніне орай «Яндекс Такси» алғашқы күннен бері жұмыс істеп келе жатқан жүргізушілерге ғана емес, басқа жүргізушілерге де сыйлықтар дайындады. Тамыз айы бойы барлық жүргізуші ұтыс ойынына қатыса алады. Оның бас жүлдесі — Kia Cerato автокөлігі.
Сонымен қатар қатысушылар төрт мыңға жуық жүлдені ұтып ала алады. Олардың арасында жанармай құю мен тамаққа арналған промокодтар, бонустық ұпайлар және «Яндекс Плюс» сервисінің бір жылдық жазылымдары бар.
Ұтыс ойынына қатысу үшін сервис арқылы тапсырыстар орындау жеткілікті. Ұтыс қорытындысы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында шығарылады. Жеңімпаздар анықталған кезде қатысушының рейтингі 4,8-ден төмен болмауы тиіс.
«Яндекс Такси» Қазақстанда жұмысын 2016 жылдың шілдесінде Алматы қаласында бастады. Ол кезде сервиске 150 автокөлік пен тоғыз таксопарк қосылған болатын. Бүгінде сервис еліміздің 25 қаласында жұмыс істейді және жүздеген таксопаркпен ынтымақтастық орнатқан.