Имам құдайы астардағы масқара жайттарды айтып, жұртқа ескерту жасады

Имам құдайы астардағы масқара жайттарды айтып, жұртқа ескерту жасады

Нұрлан имам өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында "құдайы ас беруге" қатысты келелі ой айтып, жұртшылыққа ескерту жасады деп жазады Democrat.kz. 

"Біліңіздер, сауапты бір ғана нәрсе өлшейді, ол - ниет яғни амалдың қабыл не қабыл емесін мына жүректің ниеті шешеді.

Мысалы, бір ғана аруаққа Құран оқытуды алайық. Бір сағат болсын, бұл ағайын - туыс пен алыс - жақынның басын қосатын, дүниеден озғандарды еске салатын, жүректі жібітетін, көздің жасын сығатын, Құдайды еске алдыратын, кемі жеті жолдан тұратын «Фатиханы» оқытатын яғни иманды бір сәтке иіретін құдайы ас.

Бірақ, бізде осы құдайы ас беруді ойға алған күннен бастап, беріліп біткенше кейбір ағайынның арасы қайнап кетеді, бірімен - бірі қырылысып, ақырында жауласып, екі жаққа бөлініп бітеді.

Соңында өшін шынашақтай официант-даяршылардан алып, тіпті, кейде жалдаған ақшаларын төлемей кеткендер де бар!

Мұнымен қоймай, сол жиында Құран оқыған имам-молданы да сыбап жатады. Бұл айнадай көріп жүрген шындық, күнделікті өмірімізде болып жатқан жағдай. Ал, енді айтыңыздаршы, сауабынан бұрын ниет қайда қалды, аруақ қайда қалды? Біліңіздер, азғана істе ниет түзу болса, сауабы орасан зор болады. Ал, үлкен істе ниет түзу, бірақ, ағайынның ынтымағы болмаса, сауабы қор болады яғни ымыраға қарай сауап шығады, негізгі мәні осы.

Сол үшін, ұрпағымызға татулық пен бірлікті бәрінен жоғары қоюды өзіміз үйретуіміз керек. Қорыта айтқанда, барша тірлік пен игілік тіріге де аруаққа да бірлікте…"деді имам. 

Барлық жаңалықтар