"Имамдар діндегі 7 парызды ашық айтса, шаштарың қорқыныштан тікірейіп кетеді" дейді қоғам белсендісі

"Имамдар діндегі 7 парызды ашық айтса, шаштарың қорқыныштан тікірейіп кетеді" дейді қоғам белсендісі
Қоғам белсендісі, атеист Төртуыл Шоқан кезекті бір жазбасымен жұртқа үлкен ой салды деп жазады Democrat.kz.
 
Таяуда Алматыда лаңкестік ұйымдастырмақ болған шетелдік бес адамның ұсталғаны мәлім. Осы ақпаратқа қатысты Төртуыл Шоқан өз пікірін:
 
"Осылар дегеніне жетіп-бір жерді жарғанда бірің байыңның, бірің қатыныңның, бірің балаңның өлігін құшақтап отырып –
"о, Аллам-ау не жаздым саған.. " деп, зарлар едіңдер, дұрыс па?
 
Имам-молдалар уағыздарында 5 "зиянсыз" парызды (иман, намаз, зекет, ораза, қажылық ) айтады да, қалған 2 парызды (кек алу, джихад) айтпайды.
 
Соңғы екі парыз билікті басып алуға дайын болған кезде, бес парызбен әбден суарылған жамағатты көтеру үшін, ұран ретінде тастай салады, болды.
 
Сосын не болатынын айтсам шаштарыңның тікірейгені былай тұрсын, өн бойындағы қылшық атаулы тітіркенер еді"деп түйіндеді. 
Барлық жаңалықтар