Имамдардың өтірігін ашқан қоғам белсендісі қазаққа үндеу жасады

Имамдардың өтірігін ашқан қоғам белсендісі қазаққа үндеу жасады

Қоғам белсендісі, атеист Төртуыл Шоқан молдалардың өтірігіне дәлел келтіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады деп хабарлайды Democrat.kz.

Ол неке қиюдың да ойдан шығарылған рәсім екенін, молда некесін қиғандардың да жиі ажырасатынын, яғни имамдардың қиған некесінің қабыл болуы, мәһр сұрау дегендердің бәрі салт, әдет екенін ашып жазды.

Қоғам белсендісі молдадар халыққа шын жанашыр болса бұдан былай жаназа шығаруда да шындықты айту керектігін ұсынды.

«Көлік жылдамдығын шектен тыс асырған біреу жол апатынан өлді дейік. Оның жаназында «мынау жылдамдықты шектен тыс асырып —апат жасап, содан өлді. Мынаның істегенін қайталамаңдар. Көлікті үнемі күтіп, жол жүру ережесін сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмай жүріңдер. Болмаса, мына сияқты өлесіңдер, қашан айтты демеңдер..» деп жиналған жұртқа ескерткен дұрыс па, әлде «маңдайға жазылған тағдырдан ешкім де аса алмайды. Алла бұл марқұмның жәнін жаннаттан қылсын.. » деп өтірік қымсынған дұрыс па?», — деді ол.

 

Сосын, молда оқыған жаназа намаздың бәрі бірдей қабыл бола бере ме? Яғни, тірісінде зұлымдық жасаған, пәре алған, елді тонаған, адам өлтірген секілді небір ауыр қылмыстарды жасағандардың әрекетін ақтап жіберу молданың еншісінде.

«Мысалы, молла-имам қиған некелер бұзылып жатады ғой? Уот, жерлеу рәсімі де, неке қию да — церемония, яғни, адамдар ойлап тапқан, тылсыммен ешқандай байланысы жоқ тірлік», — деді Торуыл Шоқан.

Ол жаназаны молда емес, туысы, жақыны да шығарып үйрену керек деген пікірде.

«Туысының жаназасын туысы шығарып үйренсін. Бастысы, өліктің шежіресін— тірілерге сабақ үшін түгендеу, яғни жақсылы жаман істерін мысал қылып айту!

Өлгенде шежіресі түгенделетінін білетін адам, тіршілігінде иттікке бармайды.

Қоғамды осылай тәрбиелейді, ұғыңдар осыны! Ал молда-имамдарға айтарым, тәңірші мен атеистке жаназа оқымаймын деп бұлданғанша, 20 мың теңге үшін қылмыскерлер өлігін ақтап—»маймыл» болып жүргеніңді ойла әуелі», — деді Торуыл Шоқан.

Барлық жаңалықтар