Иран аятолласының бір кеңесшісі жұрт білмейтін шындықты жайып салды

Иран аятолласының бір кеңесшісі жұрт білмейтін шындықты жайып салды

Иран аятолласының тағы бір кеңесшісі, бұрын теле-радионы басқарған, мәжіліс төрағасы қызметін атқарған, әкесі аятолланың діни ұстазы болған Әли Ларижани кешегі сұхбатында қызық жайларды айтты.

Соғыстың алғашқы күні оған белгісіз адам телефон соғып, 12 сағат ішінде Ираннан шығып кетпесе, ең құрығанда Тегераннан қашыққа кетпесе, генералдар сияқты көзі жойылатынын ескертті дейді. "Кодына қарап, Нетаньяхуға лайықты жауап бердім" деген Ларижани осы күндері өзінің қайда болғанын ашып айтпаған... 

"Уашингтон пост" сол кезде Израильдің тыңшылық ұйымы Моссадтың Иран басшыларына соғып, осындай ескерту жасағанын хабарлаған. Ондай басшылардың саны шамамен 20 адам болған. Солардың арасында ағынан жарылып, ашылып сөйлегені әзірге Ларижани ғана...

Иранда 19 министрлік бар. Сыртқы істер, ішкі істер, және барлау министрліктерінен басқасы шаруашылық істерімен айналысады.

Егер Израильден өздеріне қоңырау соғылса, аятолла Хаманеи мен президент Мәсъуд Пезешкиан не деп жауап беруі мүмкін... Аятолла болса, соғыс басталғалы әлі күнге ел алдына шықпады... "Үнсіздік те қарсылық" деп жатыр ма екен жертөле ішінде?

Қуанышбек ҚАРИ, журналист. 

Барлық жаңалықтар