Хатам әл-Анбия күштері, Иран қарулы күштері Бакуге ескерту беріп, арнайы мәлімдеме жасады деп хабарлайды Democrat.kz.
"Иран Ислам Республикасының Қарулы Күштері аймақтағы американдық және сионистік агрессорларға қарсы күреске белсенді қатысқанына қарамастан, достас, көрші және мұсылман елдерінің ұлттық қауіпсіздігі мен мүдделеріне нұқсан келтірмеу үшін бар күшін салды.
Біз Иранмен көршілес Әзербайжан Республикасын мұсылман елі ретінде аймақтағы тұрақсыздықтың таралуын болдырмау үшін сионистерді өз елінен шығарып, өз халқы мен Иранның қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуі керек деп жариялаймыз" деп мәлімдеді Иран Қарулы күштері.