Иранның бас аятолласының беті тұтас күйіп кеткені мәлім болды

Иранның бас аятолласының беті тұтас күйіп кеткені мәлім болды

28 Ақпанда Тегерандағы резиденцияға Израильдің соққысынан жарақат алған Иранның жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хоменей бет-әлпетін қатты күйдіріп, сөйлеуі қиындап кеткен деп жазады Democrat.kz.

The New York Times газетінің хабарлауынша, Иранның жоғары лауазымды шенеуніктері Хаменеидің  пластикалық хирургия қажет болуы мүмкін екенін жасырмапты.

Басылымның хабарлауынша, ақпан айының соңынан бастап Хаменеи бір аяғына үш рет хирургиялық ота жасатқан. Болашақта оған протез қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ оның қолына да операция жасалуы мүмкін деген хабар тараған.

Ауыр жарақаттарға қарамастан, ол ақылынан айырылмаған және белсенді болып қалатынын, дегенмен кейбір өкілеттіктер әскери басшыларға беріледі дегенді атап өтті NYT.

Басылымның дереккөздері Хаменеи осалдығын көрсеткісі келмейтіндіктен аудио және бейне қойылымдардан аулақ болуда деп мәлімдейді.

8 наурызда қызметке кіріскеннен бері ол БАҚ арқылы таратылған бірнеше жазбаша мәлімдемелермен шектелді.

Барлық жаңалықтар