Иранның келесі аятолласы- Трамп болуы мүмкін?

Иранның келесі аятолласы- Трамп болуы мүмкін?

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран оған жаңа жоғарғы көшбасшы болуды ұсынғанын мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.

Сондай-ақ ол НАТО одақтастарын Иранға қарсы соғыста АҚШ-қа жеткіліксіз қолдау көрсеткені үшін тағы да сынға алды.

«НАТО елдері бізге есінен адасқан мемлекет – Иранға қарсы көмектесу үшін мүлде ештеңе жасаған жоқ… АҚШ осы өте маңызды уақыт кезеңін ешқашан ұмытпайды», – деп Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

АҚШ президенті Вашингтонда Конгрестің Ұлттық республикалық комитетінің (NRCC) жыл сайынғы қайырымдылық кешкі асында сөйлеген сөзінде Иран оған жоғарғы көшбасшы болуды ұсынғанын мәлімдеді.

Барлық жаңалықтар