"Ішім удай ашиды..." деген Ләйлә Сұлтанқызы өзегін өртеген өкінішін жеткізді

"Ішім удай ашиды..." деген Ләйлә Сұлтанқызы өзегін өртеген өкінішін жеткізді

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ішкі сезімдері туралы жазба жариялап, неге қатты өкінетінін айтты деп жазады Democrat.kz.

Өз жазбасында Ләйлә Сұлтанқызы анасының көз алдында қартайып бара жатқанын айтып: "Ішім удай ашиды…

Қу тіршілік дейміз. Баламызды жеткізсек дейміз, өзімізді күтуге тырысамыз, әлемнің ғажаптарын көрсек деп ұмтыламыз.

Ал біздің әке-шешеміз не көрді?

Бай жерден шықсаң, бәлкім, ата-анаңның өкініші аз болар. Білмеймін. Бірақ ауылда туып-өскен біздің ата-анамыздың көргені аз емес. Шынымды айтсам, олар өмірдің көп жақсылығын көре алмады.

Қазір «қиын» деп жүрген нәрселеріміздің өзі — олардың көрген қиындығының жартысының жартысы да емес шығар. Сондай бейнетті көріп өскен адамдардың қанағаты, қарапайымдылығы мен шүкіршілігіне таңғаласың…

Ішімнің ашитыны анамның көз алдымда қартайып бара жатқаны. Әкемнің еліміздің бүгінгі жағдайын көре алмай кеткені…

Жүрер ме еді… Жайнап, жадырап…

Сондықтан ата-аналарыңызды тірісінде бағалаңыздар. Уақытты бірге өткізіңіздер. Жақындарыңыздың денсаулығына көңіл бөліп, уақытылы чекаптан өтіп тұруын қадағалаңыздар.

Өйткені өмір біз ойлағаннан әлдеқайда қысқа", -деді.

Барлық жаңалықтар