Ислам еліндегі зинақорлықтың сорақы түрлері: "Бұл жақта зина жасамайтын адам өте аз" дейді

Ислам еліндегі зинақорлықтың сорақы түрлері: "Бұл жақта зина жасамайтын адам өте аз" дейді

ТикТок әлеуметтік желісінен парақша ашқан Ева атты қыз өзінің Сауд Араб елдерінде тұратынын, сол жердің жігітіне тұрмысқа шыққанын және ондағы масқара жайттар туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

"Мен мұсылман жігітке тұрмысқа шықтым. Бастапқыда бәрі керемет еді. Бес жыл бақытты өмір сүрдік. 

Алайда бес жылдан соң, отбасымыздан береке кетіп, ұрысымыз жиілей бастады. Біздің жанжалымызға себеп күйеуімнің басқа бір отбасылы әйелмен әуейі болуы еді. 

Басында түк түсінбедім. Отбасылы еркек пен отбасылы әйелдің зина жасауы қалай? Сөйтсем, бұл жақта зина жасамайтын адамды табу қиын екен. 

Күйеуімнің әпке, қарындастары да, өзім танитын келіншектер де күйеулерінің зина жасайтынын айтты. Таңғалдым! Бұл қалай сонда, күнә емес пе деп.

Кейін білдім, Ислам елінде зина жасау қалыпты әдетке айналғандай көрінді маған. "Беттеріне дейін бүркеп, жасырып, никаб киетін әйелдер мен діндар еркектер бір бірімен қалай танысып, табысады?" Деп менен көп сұрайды.

Бұл жақта бәрі айфон ұстайды. Айфонда "эйрдроп"деген бағдарлама бар. Міне, сол бағдарламаны көпшілік жерде қосып қойып, бір бірімен танысып, кейін кездесіп, көңіл көтереді екен.

Ең сорақысы, күйеуі сыртта жүріс жасаса, әйелі күйеуін жұмысқа шығарып салып, үйінде көңілдесімен зина жасайтын жағдай өте көп кездеседі" деген Ева қазір күйеуімен ажырасып, ұлын өзіне алу үшін шырылдап жүргенін жеткізді. 

Еваның мұсылман еркектер туралы айтқан басқа да әңгімелерін оның парақшасына кіріп көрсеңіз болады. 

 

Барлық жаңалықтар