Актер Жахан Отарғалиев белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа өкпесі барын жеткізді, деп жазды Democrat.kz.
Тұрсынбектің қасында 2015 жылға дейін жүргенін айтқан өнер иесі: «Мен идея беріп жүрдім. Түнгі сағат үште звондап «Ертең президенттің алдында өнер көрсетейін деп жатырмын. Жаһан, маған идея керек» – деп, мені шақырып алды.
Мен түнімен отырдым қасында идея беріп. Сол «жыртқан» монологының жетпіс пайызы менікі екенін әлі күнге дейін нық айта аламын. Тым құрығанда, астында «Жахан Отарғалиев» деп тұрса, қасында әлі жүре беретін шығармын. Талпынысымды бағалау керек еді», – дейді жерлес ағасына ренішін жеткізген Отарғалиев.