Әлеуметтік желіде Мұхтар Шахановтың денсаулығына қатысты алаңдатарлық ақпарат тарады, деп жазады Democrat.kz.
Желі қолданушыларының бірі ақынның қазіргі жағдайы туралы жазба жариялаған.
«Мұхтар Шаханов атамыз жан сақтау бөлімінде жатыр екен. Таңертеңнен жүректі ауыртып. Атамыз аман болсын. Дұға етейік», - деп жазды желі қолданушысы.
Аталған ақпаратқа қатысты ресми органдар мен ақынның жақындары әзірге түсініктеме берген жоқ.