Жапонияда 5,7 балдық жер сілкінісі болды

Жапонияда 5,7 балдық жер сілкінісі болды

Жапонияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат салдарынан кемінде 22 адам жарақат алып, кейбір ғимараттар мен дүкендердің терезелері зақымданды, деп жазады Democrat.kz⁠.

Associated Press мәліметінше, жер сілкінісі Сидзуока префектурасы аумағында болған. Жерасты дүмпулері тұрғындар арасында үрей туғызып, бірқатар нысанда материалдық шығын келтірген.

Жапония сейсмикалық белсенді аймақта орналасқандықтан, елде ғимараттарды жер сілкінісіне төзімді етіп салу және халықты төтенше жағдайларға дайындау жүйесі қалыптасқан.

Құтқару қызметтері зардап шеккендерге көмек көрсетіп, инфрақұрылымның жағдайын тексерді. 

Барлық жаңалықтар