"Жақындатып алып қараймын": Нұрлан Имам жартылай ашық киімдегі фото туралы өз ойын айтты

"Жақындатып алып қараймын": Нұрлан Имам жартылай ашық киімдегі фото туралы өз ойын айтты

Желіде танымал болған Нұрлан Имам кезекті тікелей эфирінде пікір білдіріп, сынның астына қалды деп жазады Democrat.kz.

Тікелей эфирде бір оқырман Имамға сұрақ қойған болатын.

"Купальникте түскен суретімді салсам, қалай қарайсыз дейді. Жақындатып алып қараймын. Басқаша не деуге болады? Өткізіп жіберемін, қарамаймын деп айтайын ба?", деп күлді имам. 

Нұрлан Имамның осы сөзіне оқырмандар:

"Имамдар да адам", "Басқалар сияқты періште болып кетпейді", "Осы әңгімесі тым артық енді, Алла сақтасын. Кейбір адамдар үшін жағымды жауап шығар, бірақ дінді ойынға айналдыруга болмайды ғой" деген пікірлер қалдырды.

Барлық жаңалықтар