Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде енді күйеуімен түскен суреттерінің жартылай нұсқасын жариялап бастады деп жазады Democrat.kz.
"Психикасы тұрақты, өмірде не керек екенін анық білетін адамдар олар туралы өзгелер не ойлайды деп бас қатырмайды", - деп жазған Айман Талғатқызы Тұрсынбек екеуінің фотоларының жартылай бөлігін ғана жариялады.
"Керемет, ғажап, бақытты болыңдар!" деп жапырыла пікір жазып жатқандардың арасында "Мөлдірде қалған бес баланың жағдайын ұмытып, бүгін бұлай құбылғандарың қалай?" деп сұрау салған ешкім болмады.
Бұл аз десеңіз, "Алланың қалауымен қосылды бұлар" дейтін надандықтың ең соңғы сатысындағы сөзді жазып, разы болып отырғандар да бар.
Солардың арасында "жарты беттерің қайда" деп сұрау салып, "бұларды тек тоқалдар қолдайды" деп саналының сөзін жазғандар да бар.