"Жас тоқал алғаныма өкіндім" деген актер мәлімдеме жасады

"Жас тоқал алғаныма өкіндім" деген актер мәлімдеме жасады

Танымал актер Қажет Смағұл әлеуметтік желідегі парақшасында "тағы бір дұрыстау қатын тауып берші" деген видео жариялап, сынға қалды деп жазады Democrat.kz.

Видеода Қажет Смағұл досы Азаматқа: "Маған дұрыстау қатын тауып берші. Өзімнен жиырма бес жас кіші қызға үйленіп, болмады.

Кеше үйге келдім. Қан қысымым көтеріліп кеткен. Дәрі сұрасам, белсендірілген көмірді әкеп тұр. 

Сосын кеш болса, қыдырайық, ойнайық, күлейік деп... Қарным ашып тамақ сұрасам, чипсы, кириешкилер береді. 

Болмаса, тамаққа тапсырыс бере салам деп суши береді. Жұрт та бізге "бірге қартайыңдар" дейді. Ұнамайды. Бір жастықта бірге қартаймаймыз ғой", дейді. 

Актердің бұл видеосына жұрт таңғалып, "ажырасып кеткен бе?" Деп сұрап жатыр.

Кейінірек Қажет Смағұл бұл қалжың видео екенін мәлімдеді. 

Барлық жаңалықтар