Желідегі пікірталас: "Министрді сынаған белсенді педагогтар 20 жылға қамауға алына ма?"

Желідегі пікірталас: "Министрді сынаған белсенді педагогтар 20 жылға қамауға алына ма?"
Әлеуметтік желіде тағы бір мәселеге байланысты педагогтар ренішке толы пікірлерін айтып, пікір талас туындады. Бұл жолы журналист Мөлдір Нұрманның белсенді педагогтар туралы пікірі ұстаздардың ашуын тудырған ыңайлы деп жазады Democrat.kz.
 
Facebook әлеуметтік желісіндегі "Мұғалім мәртебесі" тобында Ұлпан Абай атты педагог журналист Мөлдір Нұрманның төмендегі жазбасына қатысты өз пікірін білдірді.  
 
"20 жылға бас бостандығымыздан айыра ма? Алла сақтасын! Қазақстан заңдары бойынша 20 жыл өте ауыр қылмыс жасағандарға берілетін еді. Мұғалімдер министр туралы жазбауы керек пе сонда?
 
Министрдің адвокаттары мықты екен. Сөз бостандығы мен қылмыстық істі шатастырып алған.
 
Лауазымды тұлғаның түріне, жеке басына, отбасына, жеке өміріне сын айтуға заңдар тыйым салған. Жұмысына сын айтуға заңдар рұқсат берген.
 
Белсенді әріптестер! Таңертең ғана бір мақала оқыдым. Егер рас болса. Сол мақаланы сіздер де оқып көріңіздерші.
 
Министр туралы әңгіме айтқан мұғалімдер жұмыссыз қалуымыз мүмкін. Блогер-мұғалім деген мамандық жоқ еді негізі. Тыныш жүріңдер әріптестер! Жағдайымыз қиын болайын деп тұр.
 
Белсенді әріптестер! Өз құқықтарын қорғап, фейзбукте жазба жазып, пікір жазып жүрген әріптестер!",- деп жазды Ұлпан Абай. 
 
Педагогтың бұл жазбасына әріптестері талай министрге сыни пікір жазғандарын айтуда. Алайда сын айтқаны үшін қылмыстық жазаға тартылмағандарын да алға тартуда. 
Барлық жаңалықтар