Жігер Ауыпбаев бұрынғы әйелі туралы жұрт білмейтін бар шындықты айтты

Жігер Ауыпбаев бұрынғы әйелі туралы жұрт білмейтін бар шындықты айтты

Танымал журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға арнайы сұхбат берген әнші Жігер Ауыпбаев бұрынғы отбасы мен әйел, бала-шағасы туралы барлық шындықты айтып берді деп жазды Democrat.kz.

Жігер Ауыпбаев отбасын сақтап қалу үшін қолынан келгеннің бәрін жасағанын айтып: "Бұрынғы әйелім өте жақсы, ақылды адам. Балаларыма өте жақсы тәрбие беріп отыр. 

Отбасымызға жасалған дуаның кесірі ме, білмеймін, әйтеуір отбасын сақтай алмадық. Біраз уақыт екі жақта тұрып көрдік. Оны да әйелімнің өзі қалады. 

Арада біраз уақыт өткен соң, үлкендердің араласуымен қайта қосылдық. Тағы кетіп қалды. Сосын сыныптас достарымның көмегімен қайта қосылдық. Үйге әйелім мен бала-шағамды әкелген соң, мен гастрольдік сапармен жолға шығып кеттім. 

Үйде отырғым келмейтін. Үйде біраз уақыт отырып қалсам, депрессияға түсетінмін. 

Тараз жақта жүргенімде әйелім хабарласты. "Мен үйде тамағыңызды дайындап, күтіп отырамын. Ал сіз үйде емессіз. Мені жақсы көрмейсіз" деп жазды. "Біз қазір сезім туралы емес, төрт баламыз үшін толыққанды отбасы болуды ойлауымыз керек", - деп барынша түсіндіруге тырыстым. 

"Бұлай бірге тұра алмаймын" деген әйелім тағы да кетіп қалды. Оны күттім, бірақ қайта оралғысы келмеді", - деп осылайша шарасыздықтан жаңа өмір бастағанын айтты. 

Барлық жаңалықтар