Әнші Жігер Ауыпбаев тікелей эфир кезінде қазіргі жары Муминаның анасын көпшілікке көрсетіп, енесінің жас көрінетініне назар аударды. Бұл сәт желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп жазады Democrat.kz.
Тікелей эфир барысында өнер иесі жары Муминаның анасын көрсетіп, оның өз жасынан әлдеқайда жас көрінетінін көрермендерге айтты.
Әншінің енесінің келбеті әлеуметтік желі қолданушыларының да назарынан тыс қалмады. Көпшілік оның жас көрінетініне таңғалып, әзіл аралас пікірлер қалдырған.
«Күйеу баласы емес, құрдасы ғой», «Енесі өзімен жасты ма?», «Ақ құрдас деп айтатын шығар», – деп жазды желі қолданушылары.
Осылайша, Жігер Ауыпбаевтың отбасымен бірге өткізген тікелей эфиріндегі бұл сәт әлеуметтік желіде талқыланып жатыр.