Тыңдарманды талғамы бөлек туындыларымен қуантып жүрген әнші бұл жолы ауызына еге бола алмайтын жігіттерді жөнге салуға тырысты, деп жазады Democrat.kz.
«Жігітше жүр, тоқылдамай!
Тоқылдақтан туады батыр қалай?» – дейді өлең жолдарында Ауыпбаев.
Мұны тыңдаған желідегі жігіттердің пікірі екіге жарылды. Мәселен, «Не болса соны өлең қыла беретін болды ғой» деп кейістік танытқан желі қолданушысына Аупбаев бірден : «Не болса соны емес. Тоқылдақтарға ғана ұнамауы мүмкін. Ал былай ерекше жүретін жігіттер жақсы біледі бұны» деп жауап жазған.
Ал кейбір тыңдармандар «Тоқылдақтар тыңдамай айналып өтіп жатқан шығар», «Мынау күшті ән екен, айта алмай жүр едім, жақсы болды, осы әнді жібере саламын», «Нағыз керек өлең шықты-ау» деп қалжыңға айналдырды.(Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)