"Жолама!": Жігер Ауыпбаевтың сүйіктісі шындығын айтып, ел алдына шықты

"Жолама!": Жігер Ауыпбаевтың сүйіктісі шындығын айтып, ел алдына шықты

Әнші Жігер Ауыпбаевтың сүйіктісі Мумина ел алдына шығып, өзіне қауіп төне бастағанын айтып, қорқатынын жеткізді деп жазады Democrat.kz. 

Еске салып өтейік, әнші Жігер Ауыпбаев таяуда ғана сүйіктісі барын айтып, ел алдына шығып өзінен 15 жасар кіші қызды таныстырған болатын. 

Өкінішке қарай, қоғам тарапынан әншінің бұл таңдауын қолдағандар аз болды. "Әкесі мен қызы секілді", "бұл да педофилизм емес пе" дегенге саятын пікірлер бүгінге дейін айтылуда. 

Кеше әншінің сүйіктісі Мумина парақшасында видео жариялап: "Жігер мені халықпен таныстырғалы менің өмірімде тыныштық жоқ. Осы күнге дейін маған әлеуметтік желілерден "Жігерге жабыспа, ұрып кетеміз", "Көзге көрінбе" деген сияқты хаттар жиі келетін.

Олар мүмкін Жігердің сүйікті тыңдармандары немесе бұрынғы сөйлескен қыздары шығар деп мен оларға мән бермей жүрдім.

Ал бүгін мен шок болдым. Дүкеннен шығып, кетіп бара жатсам алыстан үш қыздың маған жақтырмай қарағанын байқадым. Кейін маған дөрекі дауыспен "Мумина, Жігерге жолама" деп айтты. Мен не істерімді білмей тұрып қалдым. Cіздер менің орнымда не істер едіңіздер? 

Бұл әрекет дұрыс емес деп санаймын, кейін енді мен Жігер үшін деп төбелесіп, жерде жатпайын", деді. 

Муминаның оқырмандары бұған да "жолама десе, жолама", "Жігерді қызғанып емес, саған ескерту жасаған ғой, "Жігерді сенен кім қызғансын" деген сияқты пікір жазып, қыздың видеосын аздап келеке етуде. 

Барлық жаңалықтар