Журналист Тұрсын Алагөзовтің жұрт білмейтін масқарасын ашып берді

Журналист Тұрсын Алагөзовтің жұрт білмейтін масқарасын ашып берді

Журналист Гүлбану Әбенова әлеуметтік желідегі жазбасында кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен продюсер Баян Мақсатқызы туралы өз көзқарасын білдірді, деп жазады Democrat.kz.
Әбенованың айтуынша, қазіргі нарықта кейбір өнім өндірушілер өздері тұтынбайтын тауарлардан да үлкен табыс табатын жағдайлар жиі кездеседі. Ол мұндай құбылысты сынға алып, қоғамда жиі байқалатынын атап өтті.

«Адам өзі қолданбайтын өнімдерден миллион табады. Тіпті сусындарын да ішпеуі мүмкін — бірақ сол арқылы миллиардтар табады», – деп жазды журналист.

Сонымен қатар ол “Цесна” өнімдеріне қатысты пікір айтып, қаптамада көрсетілген салмақ пен нақты өнім мөлшерінің сәйкес келмейтінін алға тартты. Оның айтуынша, бұл жағдай тұтынушылар тарапынан сенімсіздік тудыруы мүмкін.

«Біз етке арналған қамырды көптен бері “Цеснадан” алып жүрміз. Бұрын да жазғанмын: қаптамада көрсетілгеннен салмағы аз болып шығады. Бұл – адал іс емес», – деді ол.

Сондай-ақ журналист кейбір компаниялардың жарнамалық акцияларын да сынға алды. Оның пікірінше, пәтер немесе қымбат сыйлықтар тарату арқылы PR жасау қоғамда дұрыс түсінілмей жатады.

«Пиар үшін пәтер таратып жатыр. Бірақ әзірге ол үйлерге ешкім кірмеген — адамдар тек сертификатқа қуанып отыр. Неге соның орнына қызметкерлерге лайықты жалақы төлемеске?» – деп жазды Әбенова.

Барлық жаңалықтар