Отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов асқар тауы - әкесін есіне алып, барша оқырмандарын жылатты. Өнер иесі желіде аса әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Kznews.kz.-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі әкесінің дәл бүгін туған күні екенін айтып, көзі тірі болғанда 72 жасқа толар еді деп жазды.
«Әкем болмысы бөлек, терең жан еді. Көп сөз айтпай-ақ, бір қас қабағымен көп нәрсені ұғындыратын. Кітаппен дос, ойы биік, сөзі салмақты адам болды. Әке – асқар тау. Жаныңыз жәннатта болсын. Сағындық», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары да бұл жазбаға үн қосып, марқұмның жатқан жері жайлы болуын тілеп, Тұрсынбек Қабатовқа көңіл айтты.