Бірнеше күнне бері әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жеті жыл бұрын айтқан сөздері бар видео қызу талқыға түсуде деп жазады Democrat.kz.
Тұрсынбек Қабатов жеті жыл бұрын нені дұрыс айтқан? Бірнеше күн бұрын Алматыда он мыңнан астам бала бір сәтте қазақтың бірнеше күйін бірге тартып, рекорд орнатқан еді.
Осы айтулы жағдайға қатысты мерейі тасыған жұрт сол сәтте жеті жыл бұрын Тұрсынбектің: "Балаларды өнерге баулуымыз керек. Балаларды бір бірімен жарыстыратын ештеңе жоқ. Балаларды жаппай жарыстыру үшін өзіміздің домбырамен өнер көрсетуден жарыстыру керек. Егер сынып ішілік, мектеп ішілік, аудан, қала, республикалық домбыра тартудан жарыс ұйымдастырылса... Елестетші, мыңдаған бала домбыра тартып жарысып жатса...Сол дүние баланың рухын көтереді, ұлтын сүюге баулиды" деген сөздерін еске алып, "дөп басып, тура айтқан екен, мың алғыс" десуде.