Меккедегі дін істері жөніндегі үлкен қызмет атқарған азамат 270 мың доллар пара алып отырған жерінен ұсталды деп хабарлайды Democrat.kz.
Ахмет Даштанбек Түркияның Меккедегі дін істері жөніндегі жауапты қызметкері. Ол пара ретінде 270 мың доллар ақшаны санап отырған жерінде ұсталып, қамауға алынды.
Түрік ақпараттарында жұртты жұмақпен үміттендіріп, тозақпен қорқытқан діндар осы күнге дейін қажылыққа баратын түріктерге жол бастаушы, Түркияның меккедегі сенімді өкілі қызметін атқарған.

Стамбул полиция басқармасы Ахмет Даштанбекке қатысты тергеу амалдарын жүргізіп бастады.
Діндар Ахметтің әлеуметтік желі парақшаларын ақтарып, қарастырған заң өкілдері оның қымбат, асылтекті жылқылары барын, құс өсірумен айналысатынын да анықтаған.
Әулие санаған діндарлары арам ақшамен ұсталғанда, түркиялық кей мұсылмандар “сендей діндарды қарғыс атсын!” деп ашуға мінді.
Ахмет Даштанбекке қатысты сот үкімі әлі шықпады.