Мұғалімдер күніне арнап кәсіподақ берген сыйлыққа ренжіген ұстаздың видеосы талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Кеше болған "Мұғалімдер" күні мерекесінде бір мектептің кәсіподағы ер мұғалімге 900 теңгелік шампунь сыйлапты.
Ай сайын жалақысының белгілі бір пайызынан кәсіподаққа жарна төлеп отырған мұғалім осы атаулы күні мынадай арзанқол сыйлық берген кәсіподаққа ренішін бірер секундтық видеода білдірді.
Кәсіподақтың мұғалімге жасаған мынадай сыйлығына қатысты жұрт "бұлардың кәсіподағы қайта сыйлық беріпті, біздікі ештеңе де бермеді" дегенге саятын пікірлер жазуда.