"Келіннің туғанын онлайн көрсетеді": Әнші Сәкеннің әрекетін жұрт сынап тастады

"Келіннің туғанын онлайн көрсетеді": Әнші Сәкеннің әрекетін жұрт сынап тастады

Күні кеше дүйім жұрттан әлеуметтік желі арқылы немерелі болатынын айтып, сүйінші сұраған әнші Сәкен Майғазиев бүгін сол жұрттың сынына қалып, сөз естіп жатыр деп жазады Democrat.kz. 

Еске салып өтейік, әнші Сәкеннің келінінің жүкті екенін, іштегі сәбидің жынысын жұрт әлеуметтік желіде тараған гендер пати видеоларынан білген еді. 

Келіні мен балалардың ортасында сәбидің жынысын білдіретін тортты кескен Сәкеннің әрекеті мен жалпы отбасылық видеолардың әлеуметке шығуын көпшілік сын тезіне алды. 

Қазақта келіннің жүктілігін ер азаматтар, әсіресе қайын атасының жар салып айтуы әбестік болатынын алға тартқан желі қолданушылар "Сәкеннің мына тірлігі ұят емес пе", "ата сақалы аузына түскенде жастардың тірлігіне араласып", "қайын атасы келіннің жүктілігінің тортын кесіп...масқара емес пе", "жастармен жағаласып жүреді екен осы", "ата деген атадай болуы керек қой, не керек көрінген затқа араласып" дегенге саятын пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар