"Кешірім сұраймын!" деген Динара Сәтжанның күйеуі ағынан жарылды

"Кешірім сұраймын!" деген Динара Сәтжанның күйеуі ағынан жарылды

Белгілі кәсіпкер, блогер Динара Сәтжанның күйеуі Жұмабек Жанықұлов әлеуметтік желідегі парақшасында мерейлі жасы мен өзін құттықтағандарға ағынан жарылып, лебізін білдірді деп жазады Democrat.kz. 

"50 жыл. Соның 35 жылы Тәуелсіз Қазақстанмен бірге.

Мен елдің қалай есейгенін көрдім.
Ал елмен бірге өзімнің де қалай қалыптасқанымды сездім.

Өмір маған бәрін бірден берген жоқ.
Бірақ ең керегін берді:
тәжірибе, сабыр, таңдау еркіндігі.
Мен өкінбеймін.
Өйткені әр қателік мені ақылдырақ етті.
Әр қиындық берік қылды.
Ең ауыр соққы әкемнен айырылу болды.
Сол күннен бастап жауапкершіліктің не екенін түсіндім.
Ең үлкен байлық анамның жанымда болуы, сүйікті жарымның тірек болуы,
ұл-қыздарымның мені мақтан тұтуы.

Мен мінсіз емеспін.Бірақ қолдан келген жақсылықты жасадым. Жасай алмағаным да бар демек, алда мақсат бар.

Әлемді көрдім. Адамдарды таныдым.
Достар таптым.Қарсы пікірді де қабылдадым.

Біреу сені жақсы көреді, біреу сені қабылдай алмайды бұл қалыпты.
Ең бастысы: өз-өзіңмен араз болмау.

Мен ешкімнен артық емеспін. Ешкімнен кем де емеспін. Өз орным бар соны бағалаймын. Реніш сақтамаймын.
Қателессем, кешірім сұраймын.

Себебі күш кешіре алуда.
Бүгін мен бір нәрсені анық білемін:
шүкір ете алатын адам ешқашан жеңілген емес.

Өткенге тағзым ет. Бүгін жауапты бол.
Ертеңге батыл қадам жаса.
Өйткені сенің өмірің сенің жауапкершілігің.

Барлықтарыңыздың ыстық лебіздеріңізге мың алғыс!"деп жазды Жұмабек Жанықұлов. 

Барлық жаңалықтар