Аша Матай әлеуметтік желідегі парақшасында бір жазба жариялап, оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді деп жазады Democrat.kz.
"Сағыныш.. Жүректі ауыртатын ән, себебі кімге арналғанын білеміз. Сөздеріне үңілсек, бір-бірін бағалаған, сүйген жандар жайлы. Сондықтан, сүйіктілеріңізді кеш болмай тұрғанда бағалаңыз, сыйлаңыз, еркелетіңіз, уақыт бөліңіз! Баршаңызға жүрек тыныштығы мен шексіз махаббат тілеймін!" Деп жазды Аша Матай.
Оқырмандары Ашаның образына тәнті болғаны сондай, кейбірі оған "Моника Беллучи!"деген комплимент те айтуда.