Кімге көмек беріледі: Әлеуметтік қолдау жүйесіндегі әділдік қағидасы

Кімге көмек беріледі: Әлеуметтік қолдау жүйесіндегі әділдік қағидасы

Әлемдік нарықтағы бәсекелестік сағат санап емес, сәт санап күшейіп келеді. Осындай алмағайып кезеңде құрғақ уәде мен бос сөздің дәуірі келмеске кетті. Ендігі кезекте нақты іске көшіп, ел экономикасының тірегі саналатын ірі өнеркәсіп пен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру — басты міндет. Бұл ретте заман ағымына сай жасанды интеллект мүмкіндіктерін барлық салаға батыл енгізу қажеттілігі туындап отыр деп хабарлайды Democrat.kz. сайты.

Ел дамуының келесі сатысы қатаң қаржылық тәртіпке негізделуі тиіс. Әрбір тиынның есебі болуы шарт. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек көрсету жүйесіне де үлкен өзгерістер қажет. Бүгінгі таңда қолдау шараларының бәріне бірдей үлестірілуі әділдік орнатуға кедергі келтіруде. Сондықтан мемлекет тарапынан берілетін көмек тек шын мәнінде мұқтаж жандарға ғана бағытталуы тиіс.

Әділетті жүйе қалыптастыру — қоғамдағы масылдықты жойып, әлеуметтік қамсыздандырудың тиімділігін арттырмақ. Мемлекеттік қолдаудың атаулы сипатқа ие болуы қаражаттың орынды жұмсалуына кепіл болады.

Қазіргі таңда алда тұрған мақсат айқын: технологиялық артықшылыққа ие болу және ішкі тәртіпті нығайту. Тек нақты жобалар мен ашық қаржылық саясат қана елімізді жаһандық бәсекеде алға шығара алады. Бұл бағыттағы жұмыстар ескі сүрлеуден арылып, жаңаша сипатта өрбуі тиіс.

Барлық жаңалықтар