Көлігімен кісі қағып өлтірген Мақсат Үсенов туралы сұмдық ақпарат шықты

Көлігімен кісі қағып өлтірген Мақсат Үсенов туралы сұмдық ақпарат шықты

Бірнеше жол апаты, түрлі құқық бұзушылық пен тіпті адам өліміне соқтырған оқиғаларымен ел есінде жақсы сақталған Мақсат Үсенов туралы бас шайқатар ақпарат тарады деп жазады Democrat.kz.

Кompra.kz сервисінің берген құжаттарына сілтеме жасаған Stan.kz тілшісі Мақсат Үсенов жеке кәсіпкер болып тіркелгенін айтады.

Оның негізгі қызметі – тұрғын үйді жалға беру. Яғни, ол қазір пәтер жалға берумен айналысуы мүмкін. Ресми деректер бойынша, ол іздеуде жоқ, шетелге шығуына шектеу қойылмаған және арнайы есептерде тіркелмеген.

Алайда бір қызық жайт бар: 2023 жылдың 8 ақпанында Мақсат Үсенов аңшы куәлігін алған. Құжат “Қансонар” қауымдастығы арқылы берілген және оның аңшылық қауіпсіздігі ережелерін білетінін растайды.

Дегенмен аңшылық үшін қару қажет. Ал оны алу үшін арнайы рұқсаттар, соның ішінде соттылығының болмауы және наркологиялық диспансерден анықтама керек. Ал бұл тұрғыда оның құжаттары бұл талапқа сай келмейді.

Барлық жаңалықтар