Көлік министрлігінің екі жоғары лауазымды қызметкері 40 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

Көлік министрлігінің екі жоғары лауазымды қызметкері 40 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

ҰҚК Көлік министрлігі жүйесіндегі екі басшыны кәсіпкерлерден 40 млн теңгеден астам ақша алды деген күдікпен қамауға алды. Тергеу нұсқасы бойынша, ақша салмағы нормадан асқан жүк көліктерін кедергісіз өткізу үшін берілген, деп жазады Democrat.kz.

ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі көлік саласындағы жаңа істің мән-жайын жариялады.

Тамыз айында Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары және Ақмола облысындағы көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары ұсталған.

Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, шенеуніктер белгіленген салмақ нормасынан асып кеткен жүк көліктерінің жолда тексерусіз немесе кедергісіз жүруіне жағдай жасаған.

Осы қызметі үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 40 млн теңгеден астам материалдық сыйақы алды деген күдік бар.

Сот санкциясымен екі күдікті де қамауға алынды.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. ҰҚК басқа мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына байланысты жарияланбайтынын хабарлады. Күдіктілердің кінәсі тек сот үкімімен анықталады. 

Барлық жаңалықтар