Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі әнші Қайрат Нұртаспен бірге көлікте кетіп бара жатқан видеоларын жариялап, "біз де көшеміз бе" деген сөзімен оқырмандарын ойлантып қойды деп жазады Democrat.kz.
Видеода Жұлдыз Әбдікәрімова Түркістанда жүргендерін айтып: "Бұл жақта ауа райы керемет болып тұр. Мына кісі бүгін мені қыдыртамын деді.
Түркістанға көшеміз бе?" Деп Қайрат Нұртасқа қарайды.
Әйелінің қалжыңына күлген Қайрат Түркістандағы киелі жерлерге апаратынын айтады.
Жұлдыз Әбдікәрімованың бұл видеосына жұрт "сіздер де Түркістанға көшсеңіздерші", "Түркістан киелі жер, бұл жерде Алла қорғап жүреді", "көшіп келіңіздерші" деп пікір жазуда.