«Күнделік.РУ» ма, «BilimClass» па? Қай платформа бізге ыңғайлы?

«Күнделік.РУ» ма, «BilimClass» па? Қай платформа бізге ыңғайлы?
Белсенді педагог, білікті ұстаз Ақмарал Шатемірқызы қазіргі кезде Күнделік.Ру мен BilimClass платформаларының арасындағы тартысқа қатысты пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz. 
 
"Қазір Facebook-та, ватсаптардағы мұғалімдер чатында қызу талқыланып жатқан тақырып – Күнделік.Ру мен BilimClass платформалары.
Аталған мәселе бойынша пікірім:
 
Бұл тек технологиялық немесе әкімшілік дау емес, оқушылардың жеке деректері, бюджет қаржысы және отандық өнімді қолдау мәселесімен тығыз байланысты. Сондықтан бұл платформа таңдау ғана емес, біздің цифрланған білім саламыздың қауіпсіздігі мен әділдігі туралы сұрақ.
 
Әрине, Bilimklass сұраған (нақты ма)
457 миллиард теңге – өте үлкен сома. Қаржыға келгенде кей азаматтар көздері қарауытып кететіндей көрінеді (без обид).
 
Мұндай қаржыны бөлгенде халықтың орташа табысын, бюджеттік теңгерімді ескеру керек. Яғни, бір оқушыға бөлінетін нақты соманы есептеу қажет.
 
Осы жерде тағы бір сұрақ туындайды: оқушылардың нақты саны қанша? Бірде-бір ресми статистикада нақты көрсетілмейді.
 
4 миллионға жуық, 4 миллионнан астам деп айтылады. Неге? Әлде мемлекеттік мектепте оқитын бала жеке меншік мектепке де тіркелгендіктен шатасып отыр ма? Неге оқушылардың нақты санын ЖСН арқылы есептемеске? Әр ЖСН бір оқушыға ғана беріледі, сол арқылы қайталануды болдырмай, нақты статистика жасауға болады. Осыдан үкімет пен бюджетті дұрыс жоспарлау жеңілдейді, ал егер бір бала мемлекеттік мектепке де, жеке меншік мектепке де тіркелсе, жемқорлық та анықталады.
 
Әрине, отандық инвесторларды қолдау керек. Бірақ анандай сома...?!
BilimClass — отандық өнім,
ал «Күнделік. Ру» серверлері Ресейде.
 
Неге әлі күнге «Күнделік.Ру» платформасын қолданамыз? — деп депутаттар шырылдауы керек еді.
Біз өз отандық өнімімізді қашан шын қолдаймыз?
COVID кезінде, яғни онлайн оқулар кезінде осы платформаларды қолдандық.
 
BilimLand-тың материалдық базасы мықты. Көптеген тақырыптарды талдауда мұғалімге үлкен көмек болды. БЖБ, ТЖБ құрастыруға ыңғайлы, тәжірибе алмасуға болады. Иә, жетілдіру керек, кем тұстары бар.
Кешіріңіздер, «Күнделік.Ру» да бізге келгенде идеалды емес еді, бірақ қазақстандық мамандар жетілдірді.
BilimClass-ты да тез үйреніп алдық, дегенмен оны да жетілдіру керек: кей тетіктері тым көп, бір бетті бірнеше рет түртуге тура келеді.
 
Қазақстан – цифрланған мемлекет деп әлемге мақтанамыз. Бірақ цифрлануымызды Каспий банк мүмкіндіктерімен ғана шектеліп қалмайық. Мектепте 10 ұпай үшін жанын салып оқитын балалар бар. 
 
Бұл – ақша. «Күнделік.Ру » сыйақы береді, сонда оқушылардың жеке есепшоттары шетелде қолжетімді! Солай ма? Ертең сол бала ер жеткенде «Менің деректерім неге қауіпсіздендірілмеген?» деп сұрамай ма?!
 
Қазақтың мықты азаматтары «Күнделік.Ру»-да еңбек етті, енді «BilimClass» та сол сияқты жұмыла дамытылуы керек.
 
Соттасу туралы. Мәмілеге келе алмай отырғандары өкінішті. Біздің соттар, өкінішке қарай, кейде қарапайым халық мүддесіне толық сүйеніп, әділ шешім қабылдай алмайды. Біздің сот Мөңке биді оқымаған сияқты, тура сөйлеген адам туғанына да жақпайды деген, өзге елдің алдында жалтақтап, тәуелсіз болуды ұмытып кетеді. Дегенмен, сот білуі керек: әр тоқсан сайын сабақтардың БЖБ, ТЖБ, бағалаулары, сабақ атаулары қағазға шығарылып, тігіліп, сақталып отырады. НОБД-де барлық мәлімет бар, сондықтан «Күнделік.РУ» толық жабылса да, жаңа өнімді толықтыруға және жетілдіруге толық мүмкіндік бар.
 
Иә, шетелдік «Күнделік» пен отандық «BilimClass» өзара келісімге келуі керек еді. Ең бастысы: халық соттап жүрмесін, менің ақпаратым, неге цифрланған елімде қауіпсіз емес деп.
 
Білім саласын да, жылдардан-жылдарға Байқоңырымыз сияқты өзге елге тәуелді ете бермей, ұлттық мүддемізді қорғай білуіміз керек.
Анықтап айтайын: компания басшыларын танымаймын.
 
«Күнделік.Ру»-дың басшысы Мұхтармен кейде (бұрын) күнделіктің қазақшаланған қате тұстарын телефон арқылы айтсам, мұқият, салмақпен тыңдап, келісіп отыратын.
Мен отандық өнімді қолдаймын", дейді Ақмара Шатемірқызы.
 
Барлық жаңалықтар