Кувейт билігі халқына үндеу жасап, ядролық қауіптен қорғануға шақырды

Кувейт билігі халқына үндеу жасап, ядролық қауіптен қорғануға шақырды

Кувейттің ресми ведомстволары мен мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары көршілес елдердегі ядролық немесе радиоактивті уранның ағып кету қаупіне байланысты ел тұрғындарына шұғыл ескерту таратты деп хабарлайды Democrat.kz. 

Күвейт билігі азаматтарға мүмкіндігінше сабырлы болуға, үйде болуға, сондай-ақ радиоактивті шаңның түсуін азайту үшін тұрғын үйлер мен жұмыс орындарындағы терезелер мен есіктерді тығыздап жабуға кеңес беруде.

24 наурыз күні кешке Иранның Атом энергиясы ұйымы Израиль мен АҚШ Бушер атом электр станциясының аумағына соққы бергенін хабарлады. Иран билігінің хабарлауынша, снаряд нысанға құлаған, бірақ ешқандай зақымдалған жерлер мен зардап шеккендер жоқ.

Ал Иран бейбіт ядролық нысандарға жасалған шабуылдар атом электр станцияларын соғыс қимылдарынан қорғауды реттейтін халықаралық нормаларды бұзатынын және аймақтық қауіпсіздікке, әсіресе Парсы шығанағы елдеріне ықтимал қауіп туралы ескертетінін атап өтті.

Барлық жаңалықтар