Әлеуметтік желіде өзін көріпкел, әулие, тылсым иесі деп түрлі дүниелер жазып жүрген медиум Зарина Бақыт Желтоқсан оқиғасына қатысты сұмдық бір дүние жариялады деп жазады Democrat.kz.
Желтоқсан қаһарманы Ләззат Асанованың рухымен тілдескен Зарина Бақыт:
"Құлағыма сиренаның дауысы естіледі. Түн. Адам көп. Қағып өтіп жатыр барлығы. Прожектордың жарығы. Оңға, солға жүгіріп жатқан адамдар. Бір адам мені қағып өтті. Құлап қалдым. Басымды жауып алдым. Таптап өтіп бара жатыр барлығы.
Бір қыз тұрғызды мені артымнан көтеріп “Тұр! Қаш! Қаш!” деп жатыр. Түсінбеймін, не болып кетті? Жанымда жүрген қыздар жоқ. Шашырап кеттік.
Бір көше, алаңнан алыс емес. Сол бұрышқа барып тығылдым. Қорқып отырмын. Үстімдегі киімім жыртылып кетіпті. Тізем қанап жатыр. Қалай шығамын деп отырмын. Барлық жақ жабық.
Шет жақтың барлығы күзетілуде. Алаң қан-жоса. Орысша сөйлеп жатқан дауыстар естіледі. Қорқып келе жатырмын. Байқамай қалдым ба біреудің жақындағанын, тек шашымнан біреу қатты ұстап құлатқанда ғана түсіндім ұсталып қалғанымды.
Жерге жатқызды біздің әскери адам екен.
Түрін көре алмай тұрмын. Орыс жігіт сияқты. Мені тұрғызып, шашымнан ұстап жүгіртіп апарып, басқаларын лақтырып жатқан көлікке мінгізді. Үсті-үстімізге лақтырып жатыр барлығын. “Всё, полная машина” деген дауыс естілді. Есікті жапты, бізді алып бара жатыр. Рация арқылы естідік. Алдында отырған екі әскери жігіттікі.
“Көлікті қаланың сыртына тасыңдар!” деді рация арқылы біреу. Ұзақ жүрдік. Бір бос жатқан жерге әкелді. Көшенің бойына тоқтап, бізге “выходите” деді. Ол жақта жарақат алғандар да бар. Алмағандар да бар. Жүре алатыны да бар, жүре алмайтындар да бар. Бәріміз тентіректеп түсіп жатырмыз. Күн аяз. Таң атайын деді. Бәріміз сапқа тұрдық.
Тоңып барам, тоңып барам…Әрқайсысын он-оннан әр жаққа бөлек жіберді. Мен қазақ жігітке тап болдым. Қолында қағазы мен қаламы бар. Барлығының аты-жөнін жазып алып жатыр. Көзі маған түсті. Қазақ жігіт: “Вадим мыналарды өзіңмен алып кет, менің бір шаруам бар” деді.
Жалғыз мен қалдым. Менен бұған не керек деп ойлап қоям. Мені алыс алып кетті. Аяғындағы етігіне көзім түсті. Аттап-аттап келе жатыр. Жаңағы жерден біршама алыс жаққа алып келді. “Тоңдың ба?” деп қояды. “Иә” деп қоямын мен де. “Не істеп жүрсің бұл жақта?” дейді. “Қазақ қазақ болу керек қой. Сол қазағымды қорғауға шықтым. Тек отыра алмадым. Қашып кете алмадым” деп айттым"деп жазды.