"Маған ешқайда кетуге болмайды": Діндар өзіне Алла қалай белгі бергенін айтты

"Маған ешқайда кетуге болмайды": Діндар өзіне Алла қалай белгі бергенін айтты

Діндар Мұхамеджан Тазабек өзіне Алла тарапынан қалай белгі берілетінін айтып, ағынан жарылды деп жазады Democrat.kz.

"Кейде басымнан мынадай жағдай өтеді. Өз дүнием өзіме жетеді, балаларымды алып, бір тыныш жерде өмірімді сүрейінші деген шайтаннан ой келеді. 

Бірақ тура сондай кезде Алла бір белгісін жібереді. Мысалы, жаңа Алматыдан шыға берісте "Компасқа" тоқтадық. Бір жігіт жүгіріп келді. "Аға, мына баланы сіздей болсын деп "Мұхамеджан" деп атын қойып едік. Бір батаңызды беріп кетіңізші" деді. 

"Менің атымды неге қойдыңдар?" Десем, "аға, мен құмар ойнайтынмын. Сізді тыңдап, қазір бәрін қойып, әйелім де риза, әкем де риза" деді. 

Алланың белгісі деген осы. Маған кетуге болмайды. Әсер етіп тұр ма, етіп тұр. Ешкімге қинап өз атыңды қойғыза алмайсың ғой", деген діндар өзінің адамдарға аса қажет екенін осылай білдірді. 

Барлық жаңалықтар